User's Guide

Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана)
Бір саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу
үшін пайдаланыңыз.
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен,
сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) түрту
Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз.
Сенсорлы экран мен сенсорлы тақта қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану 25