User's Guide

Қосымша сыртқы пернетақтаны пайдалану
Сыртқы пернетақтаны қосу теруге, элементтерді таңдауға және түрту қимылдары арқылы орындауға
болатын функцияларды орындау үшін жылжуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін
пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы нұсқаулықта сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Планшет қаламын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Белсенді қалам планшетпен бірге берілуі мүмкін немесе ол бөлек сатып алынады. Қаламды планшетте
тікелей пайдалануға болады. Қаламды қолдану туралы толық ақпаратты қаламмен бірге берілген
нұсқаулардан қараңыз.
Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Oice бағдарламаларында
және Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның көмегімен
жазуға болады. Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге және бағдарламалар
арасында ортақтасуға болады.
Қосымша сыртқы пернетақтаны пайдалану 27