User's Guide

Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау
Бөлік Сипаттама
(1) Қаламның ұшы Қаламның ұшы экранға тигенде, қалам планшетпен
әрекеттеседі.
(2) Қалам түймесі Мүмкіндіктер әртүрлі болуы мүмкін. Осы түймелердің
конфигурациясын көрсету немесе өңдеу үшін планшетте қалам
бағдарламасын пайдаланыңыз.
(3) Bluetooth шамы Көк түсті: қалам жұптасу күйінде.
Өзгерілетін қызыл және көк шамдар: қалам планшетпен
жұптастырылуда.
Жыпылықтайтын көк шам: қалам сәтті түрде жұпталған.
(4) Жұптасу түймешігі Bluetooth арқылы жұптасу мүмкіндігін қосу үшін, түймешікті 6
секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
Қаламды пайдалану үшін жұптастыру
1. Қаламды Bluetooth арқылы жұптастыруға дайындау үшін жұптасу түймешігін 6 секунд бойы
басып ұстап тұрыңыз. Қалам планшетпен жұпталу үшін дайын болған кезде, Bluetooth шамы көк
түспен жанады.
2. Планшеттегі папсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Параметры
Bluetooth (Bluetooth параметрлері) тармағын таңдаңыз.
3. Устройства (Құрылғылар) тармағын, одан кейін Подключенные устройства (Қосылған
құрылғылар) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қаламды ұстау әдісі
Қаламды қалыпты қалам немесе қарындашпен жазғандай ұстаңыз.
28 4-тарау Экранда шолу