User's Guide
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
Планшеттің келесі мүмкіндіктері болуы мүмкін:
●
Кірістірілген үндеткіштер
●
Кірістірілген микрофондар
●
Кірістірілген веб-камера
●
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Веб-камераны пайдалану
Планшеттің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Камераны ашу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз және
қолданбалар тізімінен
Камера опциясын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Планшетіңізде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде
радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге
болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс
құрылғыларын жалғаңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін дыбыс түймесі арқылы реттеуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы басқаруға болады.
Үндеткіштерді қосу
Желілі үндеткіштерді планшеттегі немесе қондыру планшеттегі USB портына немесе аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді планшетке қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
30 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері