User's Guide

6 Қуатты басқару
Бұл планшет батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер планшет
батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау
мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды.
Планшетті өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
планшетті де өшіреді.
Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз.
Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пәрменін қолдану
ұсынылады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет ұйқылық режимде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық
режимнен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Планшет жауап бермесе және жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін болмаса,
келесі төтенше жағдай қадамдарын көрсетілген ретімен орындап көріңіз:
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Планшетті сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
ЕСКЕРТУ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда бірнеше осал тараптары бар. Планшетіңіздегі
деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP
компаниясы ұйқы режимінің орнына күту режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез
келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе планшетіңізді бірге алып
жүргенде өте маңызды.
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран
тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Планшетті өшіру (сөндіру) 33