User's Guide
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Ұйқы күйін қосу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий
режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Планшет ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту
үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз және
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін басыңыз.
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді
өзгерту) пәрменін таңдаңыз және При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде)
немесе При нажатии кнопки сна (Ұйқы түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту
режимі) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Қуат мәзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты
аяқтау параметрлерінен) Гибернация (Күту режимі) тармағын таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру
үшін, қуат өлшегіштің белгішесін саусақпен түртіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін саусақпен түртіп, тізімнен
бір тармақты таңдаңыз. Сондай-ақ, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
34 6-тарау Қуатты басқару