User's Guide

электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері планшеттің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс
істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде,
белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Планшетті ұйқы күйінен шыққанда құпия сөз талап етуге реттеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз және
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін басыңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту
қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін планшетпен бірге
жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан
сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Планшет сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты планшет
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Планшет айнымалы ток қуатына қосылған болса да,
батареяны планшетте сақтау батареяны зарядтайды және де қуат берілмей қалған жағдайда
жұмысты қорғайды. Планшет батареясы қуатталған болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске
қосылса, планшеттің айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі
тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның
қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендеуі мүмкін. Таңдаулы планшеттерде ғана
графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады.
Қуат параметрлерін орнату 35