User's Guide
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір
батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін)
қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер етпейді.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан
кейін
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Планшеттің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін
көрсетеді.
– немесе –
●
Индикатор питания (Қуат көрсеткішінің) белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру береді.
Қосылған немесе күту күйіндегі планшет қысқа уақытқа ұйқы күйіне еніп, одан кейін өшеді. Барлық
сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Қуат көзі болмаса және батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, планшетті
өшіріңіз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
Қуат параметрлерін орнату 37