User's Guide
●
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
●
Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
●
Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз
немесе шығарып алыңыз.
●
Экран жарықтығын азайтыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін қосыңыз немесе планшетті өшіріңіз.
Батареяны тастау
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батареяны ауыстыру
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, планшетпен бірге
жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз еткен ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін
немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Жылдам
бастау нұсқаулығынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде планшетті айнымалы ток қуатының көзіне қосыңыз:
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Планшет айнымалы ток қуатының көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Экран жарықтығы жоғарылайды.
●
Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
АТ көзінен ажырату кезінде:
38 6-тарау Қуатты басқару