User's Guide
7 MicroSD карталары
MicroSD картасын оқу құрылғысын пайдалану
Қосымша microSD карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда,
қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады.
MicroSD картасын салу
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқыштарының зақымдану қатерін азайту үшін, microSD картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Карта салғышына қол жеткізу үшін тесікке кішкентай түзетілген қағаз қысқышын (1) енгізіңіз.
2. Карта салғышы шыққанша оны жайлап басыңыз.
3. Салғышты планшеттен (2) шығарып алып, картаны (3) салыңыз.
4. Салғышты (4) планшетке орнына салыңыз.
5. Карта салғышын нық отырғанша жайлап басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естисіз және параметрлердің мәзірі көрінуі мүмкін.
40 7-тарау MicroSD карталары