User's Guide
MicroSD картасын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында microSD
картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мәліметтеріңізді сақтап, microSD картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан батарея
көрсеткішінің белгішесін түртіңіз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Карта салғышына қол жеткізу үшін тесікке кішкентай түзетілген қағаз қысқышын (1) енгізіңіз.
4. Карта салғышы шыққанша оны жайлап басыңыз.
5. Салғышты (2) планшеттен шығарып алып, картаны (3) алыңыз.
6. Салғышты (4) планшетке орнына салыңыз.
7. Карта салғышын нық отырғанша жайлап басыңыз.
MicroSD картасын оқу құрылғысын пайдалану 41