User's Guide

DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) пәрменін, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password
(DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгерту үшін қажет параметрді таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді енгізу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін өзгерту)
опциясы DriveLock құралының құпия сөзін енгізу сұралғанда (3-қадамда) басты құпия сөз
енгізілген болса көрінеді.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Планшетті электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Вирустар амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Windows Defender алдын ала орнатылған. Планшетті қорғау үшін өз таңдауыңыз бойынша вирусқа
қарсы бағдарламаны қолдануға кеңес беріледі.
Вирустар туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан планшетке және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және
бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 49