User's Guide
Қосымша қауіпсіз кабелін пайдалану
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
планшетке күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Планшетке сымсыз
кабельді жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential
Manager құралы тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы – планшеттің артқы жағында орналасқан кішкентай темір сенсор.
Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
Қосымша қауіпсіз кабелін пайдалану 51