User's Guide

9 Күтім
Планшетті оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып
табылады. Сонымен қатар, осы тарауда бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары,
планшетті тазалау жөнінде қадамдар және планшетіңізді сапарға алып шығуға (немесе оны
тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар
мәселелерді шешіп, планшетке жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі
графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде
алу үшін тіркеліңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңартуды қаласаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін түртіңіз.
2. ПК (ДК), Обновление (Жаңартулар) таңдаңыз және Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды және хабарларды тексеру) түймешігін басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Планшетті тазалау
Планшетті қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық
шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Планшетті бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалағыш заттың планшет үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний
хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін
тексеріңіз.
52 9-тарау Күтім