User's Guide
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар планшетті сызаттауы мүмкін. Уақыт өткенде, кір және
тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуынан сақтану немесе жабдықты зақымдамау үшін, токқа қосулы планшетті
тазаламаңыз.
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды планшет
беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз.
Компьютердің жақтары немесе артқы жағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе артқы жағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің артқы жағын тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Планшетті сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Планшетті сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі
кеңестерін орындаңыз.
●
Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Планшеттің жұмысын аяқтаңыз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді планшеттен
бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен жол жүргенде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
Планшетті сапарға алып шығу немесе тасымалдау 53