User's Guide

Ұшу кезінде планшетті қолдануды жоспарласаңыз, планшетті пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде планшетті қолдануға рұқсат
беру әуе компаниясының құзырында.
Планшетті пошта арқылы жібергенде, қорғаныш орау материалдарын пайдаланып, орамын
«FRAGILE» (осал зат) жапсырмасымен белгілеңіз.
Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда,
ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер
болуы мүмкін. Егер планшеттегі сымсыз құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты
білмесеңіз, планшетті іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың планшетке қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
Планшетті қолданылатын әр жердегі қуат сымы мен адаптеріне қойылатын талаптарды
тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті
азайту үшін, планшетті жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы
қоспаңыз.
54 9-тарау Күтім