User's Guide
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (58-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз
келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін
жою) опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (60-бет) бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
медиасын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы өнімдерде) арқылы планшетті
бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) (55-бет) бөлімін
қараңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы планшетпен бірге берілмеген бағдарламалық құралдарды
не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген медиа құралынан қайта орнату
керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді мәселелерді шешудің ең
соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
●
HP Recovery құралы қатты дискіде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына келтіру медиа
құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдерде) (55-бет) бөлімін қараңыз.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы өнімдерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) (55-бет) бөлімін
қараңыз.
●
Егер планшетте НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына келтіру
медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы
планшетпен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers (Әлемдік телефон нөмірлері) кітапшасын
қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға болады. http://www.hp.com/support
мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
ЕСКЕРТПЕ: Планшетте қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде
көрсетіледі.
58 10-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру