User's Guide
●
Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру – Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру және
бөліктерді қайта жасау арқылы планшетті бастапқы зауыттық күйіне келтіреді. Содан кейін,
амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын
пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты
диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Алынбалы пернетақтасы бар планшетті пайдалану кезінде, пернетақтаны
келесі қадамдарды бастамас бұрын пернетақта қондырмасына жалғаңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін Recovery Manager тармағын, одан кейін HP Recovery Environment тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Пернетақтасы тіркелген планшет жүктелген кезде, f11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін
басқан кезде, f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз. Одан кейін f11 пернесін басыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл әдісті
амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс
істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, планшетті өшіріп қайта іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет HP Recovery Manager бағдарламалық құралында автоматты түрде өшіріп
қайта іске қосылмаса, планшеттің жүктеу ретін өзгертіңіз. Жүктеу ретін өзгерту (59-бет) бөлімін
қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүктеу ретін өзгерту
Егер планшетіңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта іске қосылмаса, жүктеу ретін өзгертуге
болады. Бұл – планшет жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды
оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 59