User's Guide
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас
бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. BIOS құралын ашу:
Пернетақталар тіркелген планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Жүктеу опцияларын үшін планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта қосыңыз, esc пернесін тез
басып
, f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін
жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, жүйені қалпына келтіруге немесе НР
қалпына келтіру медиасын HP Recovery бөлімінен жасауға болмайды. Қалпына келтіру бөлімін жоймас
бұрын, HP Recovery медиа құралын жасаңыз; НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде) (55-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру бөлімін жою опциясы бұл мүмкіндікті қолдайтын өнімдерде ғана бар.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Удаление раздела восстановления (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да,
жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
60 10-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру