User Guide - Windows 10

© Copyright 2016 HP Development Company,
L.P.
Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі
болып табылады және оны Hewlett-Packard
компаниясы лицензия бойынша
пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium –
Intel корпорациясының АҚШ-тағы және
басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft
және Windows – Microsoft компаниялар
тобының сауда белгілері.
DTS патенттері туралы ақпаратты алу үшін
http://patents.dts.com сілтемесін таңдаңыз.
DTS Licensing Limited компаниясының
лицензиясы бойынша шығарылған. DTS
белгісі және & DTS белгісі – тіркелген сауда
белгілері. DTS Studio Sound белгісі –
компьютердің DTS, Inc. компаниясының
сауда белгісі. © DTS, Inc. Барлық құқықтары
қорғалған .
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне
кепілдік тек осындай өнімдермен және
қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік
мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы
ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп
түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы
құжаттағы техникалық немесе редакторлық
қателерге, не болмаса қалып кеткен
мәліметтер үшін жауапты емес.
Бірінші басылым: сәуір 2016 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: 855443-DF1
Өнім ескертуі
Бұл нұсқаулықта көптеген өнімдерге ортақ
мүмкіндіктер сипатталған. Кейбір
мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Барлық мүмкіндіктер кейбір Windows
шығарылымдарында немесе нұсқаларында
жұмыс істемеуі мүмкін. Windows жүйесінің
мүмкіндіктерін толығымен пайдалану үшін,
жүйелердегі аппараттық құралды,
драйверлерді, бағдарламалық құралды
немесе BIOS жаңарту және/немесе бөлек
сатып алу қажет болуы мүмкін. Windows 10
автоматты түрде жаңартылады және
әрқашан қосулы болады. ISP ақылары
алынуы және жаңартуларға біраз уақыт
қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Толық
ақпаратты http://www.microsoft.com
бөлімінен қараңыз.
Өніміңіз үшін соңғы пайдаланушы
нұсқаулары мен нұсқаулықтарын ашу үшін
http://www.hp.com/support веб-торабына
кіріңіз және еліңізді таңдаңыз. Найдите
свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз)
қойыншасын таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнату, көшіру, жүктеп алу
немесе басқа жолмен пайдалану арқылы,
HP Түпкі пайдаланушы лицензиялық
келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз
осы лицензиялық шарттармен келіспесеңіз,
қолданылмаған өнім қаражатын қайтару
ережелеріне сәйкес төленген қаражатты
толық қайтарып алу үшін, пайдаланбаған
өнімді (аппараттық және бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға
қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат үшін немесе
компьютердің толық құнын қайтаруға талап
қалдыру үшін, сатушымен
байланысуыңызды сұраймыз.