User Guide - Windows 10
Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(2) Диск шамы (тек таңдаулы өнімдерде)
●
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
(3) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(4) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
өнімдерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды
немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты алу үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына справка
(анықтама) сөзін теріп, Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) бөлімін таңдаңыз және іздеу жолағына
совместимость диска (диск үйлесімділігі) сөздерін
теріңіз.
(5) Оптикалық дискіні шығару түймесі (тек
таңдаулы өнімдерде)
Оптикалық диск салғышты шығарады.
(6) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
18 3-тарау HP Notebook 14 компьютерімен танысу