User Guide - Windows 10

Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Бар дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi) білу үшін, ТД
немесе екінші дисплей құрылғысымен келген құжаттаманы қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек
таңдаулы Intel өнімдерінде)
Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін
немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
пайдаланыңыз.
Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді;
толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлеріне қосылу:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi ашу үшін
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында Intel WiDi сөздерін теріп, Intel WiDi опциясын
таңдаңыз.
40 5-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану