User Guide - Windows 10

Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін, компьютерге сәйкес қадамдар
мен суретті қараңыз:
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Компьютерден (2) батареяны шығарып алыңыз.
– немесе –
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
– немесе –
48 7-тарау Қуат басқару