User Guide - Windows 10
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және қуат
параметрлерін қолдану (47-бет) бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер
қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
●
Күту күйі қосылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда, компьютерде
күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
1. Пайдаланушы ауыстыра алатын заряды таусылған батареяны (тек таңдаулы өнімдерде)
зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге және сыртқы
қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса,
қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйіп қалу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
– немесе –
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 51