User Guide - Windows 10
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және қуат сымына жалғап, қуат сымын розеткаға қосыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және
айнымалы қуат сымы мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет
.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу
арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение
работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар өнімдердегі компьютерден батареяны шығарыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру) 53