Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы үлгілері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары .....................................................................................................................................
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану .................................................................. 26 HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ................................ 27 Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану ..................................................... 27 WLAN желісіне қосылу .................................................................................................................... 27 НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ...
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея ....................................................................... 40 Батарея ақпаратын табу ................................................................................................................. 42 Батарея қуатын үнемдеу ................................................................................................................ 42 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ...................................................................................
HP компаниясының және үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартуларын орнату ............................................................................................................................................... 54 HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ......................................... 54 Сымсыз желіні қорғау ........................................................................................................................................
13 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 67 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 67 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................................... 68 14 Электростатикалық разряд .......
xii
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар және қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаландыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мәліметтер, әдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Анықтама және қолдау орталығы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер. Дүниежүзілік қолдау ● HP маманымен желіде хабар алмасу.
2 HP Notebook 15 компьютерімен танысу Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу Орнатылған аппараттық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын таңдаңыз. Орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Компьютер қуатты үнемдейтін «Ұйқы» күйінде. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: батарея заряды 90% асады. ● Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (3) Желдеткіш ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Бөлік Сипаттама (7) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. (8) Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) комбо ұяшығы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға бөлек тұратын қосымша микрофондар қосылмайды.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (3) Веб-камера Бейнені жазады және суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін ▲ (4) Ішкі микрофон Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Музыка, фото и видео (Музыка, фото және видео) тармақтарын таңдаңыз. Дыбысты жазады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді.
Бөлік Сипаттама (2) Сол жақ сенсорлық тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Шамдар Бөлік 8 Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Перне енгізуін толық бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
Түймешік Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lock пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. Әрекет пернелерін пайдалану (10-бет) бөлімін қараңыз. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау Батарея ұясында батареяны құлыптайды. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Техникалық сипаттама жапсырмасы төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде) Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
3 HP Notebook 14 компьютерімен танысу Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу Орнатылған аппараттық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын таңдаңыз. Орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ 14 Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Компьютер қуатты үнемдейтін «Ұйқы» күйінде. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. (2) Диск шамы ● (3) USB 2.
Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: батарея заряды 90% асады. ● Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (3) Желдеткіш ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ▲ Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР анықтамасы және қолдау) > Документация HP (HP құжаттамасы) тармақтарын таңдаңыз.
Бөлік Сипаттама ▲ Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Музыка, фото и видео (Музыка, фото және видео) тармақтарын таңдаңыз. (3) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. (4) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Перне енгізуін толық бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
Түймешік Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне немесе esc пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекет пернелерін пайдалану (21-бет) бөлімін қараңыз. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау Батарея ұясында батареяны құлыптайды. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (5) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
4 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection Manager бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады.
3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз. 4. Подключить (Қосылу) пәрменін таңдаңыз. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарға қатынау Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен ғана шектелмейсіз.
5 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс параметрлерін пайдаланыңыз. Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін: ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын немесе аудио бағдарламалық құралыңызды таңдаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойындысында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Set Default (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
6 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ● Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
7 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқы немесе күту күйін қосу Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар. ● Ұйқылық – ұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін автоматты қосылады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
● Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін, компьютерге сәйкес қадамдар мен суретті қараңыз: 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2.
– немесе – 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Батареяны (3) жоғарыға тартып, оны (4) компьютерден шығарып алыңыз.
● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз.
Қуат мәселелерін шешу Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және қуат сымына жалғап, қуат сымын айнымалы ток көзіне қосыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
46 ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. ● Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз.
8 Техникалық қызмет көрсету Компьютерді Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары және компьютермен сапар шегу (компьютерді тасымалдау) бойынша кеңестер қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: емес. Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне және фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін. HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады.
● Жұмсақ сабын қосылған су ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Құпиясөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау және қауіпсіз түрде онлайн әрекеттер орындау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы, компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility (BIOS) утилитасында орнатылады. Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді пайдалануға болады.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз алғаш тексеру кезінде Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізу керек болады. Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу және күту күйінен шығу мүмкін болмайды. ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын құпиясөз орнына қолдануға болады.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
қабілеттілігін бақылайды және сізге түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Сізге бағдарламалық құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен салыстырғанда қаржы тарапынан тиімді екен. Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
10 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
12 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға және қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе және HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1. Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз. 2. Аппараттық құрал және бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. 3.
● Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерін жасау 1. Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп теріңіз. Тізімнің ішінен НР Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару (63-бет) бөлімін қараңыз. Жүйенің және жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар сақталады және оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда болғанда сақтау керек болады. Файлдардың қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет қашан жасалғанына байланысты болады.
◦ суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты қалпына келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін; Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасауға мүмкіндік береді. Жеке қалталардан дискілерге дейін сақтық көшірме жасау деңгейін таңдауға болады. Орынды үнемдеу мақсатында сақтық көшірмелер қысылады.
Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен арнайы файлдарды қалпына келтіру Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірмесі жасалған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қалпына келтіру бөлімі компьютермен бірге жеткізілмесе, қалпына келтіру дискілері қамтылады. 1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз: ● Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп жазыңыз. Тізімнің ішінен НР Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
66 3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 4. Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадты таңдаңыз.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 –90% 10 –90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысым
14 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
15 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 33, 35 айнымалы ток адаптері, тексеру 45 айнымалы ток адаптерін тексеру 45 ақпарат алу аппараттық құрал 3, 14 бағдарламалық құрал 3, 14 астыңғы жағы 13, 25 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) комбо ұясы, анықтау 6, 16 Ә әрекеттер пернелері анықтау 10, 21 10, 21 Б бағдарламалық құрал HP Connection Manager 27 Дискіні дефрагментациялау құралы 47 Дискіні тазалау 48 бағдарламалық құралдың және мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау 55 бағдарламалық
кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7, 17 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 10 Ө өнім аты және нөмірі, компьютер 12, 24 өте төмен батарея деңгейі 43 Қ қалпына келтіру 63 HP Recovery Manager 64 қалпына келтіру, жүйе 64 қалпына келтіру дискі 60 қалпына келтіру дискілері 60 қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру 65 қалпына келтіру нүктелері 61 қатты диск HP 3D DriveGuard 47 қауіпсіздік кабелі, орнату 55 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 4, 15 қоғамдық WLAN қосылымы 27 қолдау көрсетілетін ди
үнемдеу, қуат 42 Ш шамдар caps lock 8, 19 RJ-45 (желі) 5, 16 батарея 5, 16 веб-камера 7, 17 диск жетегі 4, 15 қуат 4, 15 Ы ысырма, батареяны шығару 23 12, І ішкі микрофон, анықтау 7, 18 Э электростатикалық разряд 69 B BIOS жаңарту 56 жаңартуды жүктеп алу 57 нұсқаны анықтау 56 Bluetooth жапсырмасы 13, 25 Bluetooth құрылғысы 26, 29 C caps lock шамы, анықтау 8, 19 E esc пернесі, анықтау 10, 21 F fn пернесі, анықтау G GPS 10, 21 29 H HDMI аудио параметрлерін реттеу 34 HDMI порты қосылу 33 HDMI порты, а