User Guide - Windows 7

Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: батарея заряды 90% асады.
Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз
деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне
жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторын немесе проекторды қосады.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ (сол жақта): желі қосылған.
Сары (оң жақта): желіде әрекет орын алуда.
(6) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(7) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(8) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(9) Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс
(микрофон) комбо ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға бөлек
тұратын қосымша микрофондар қосылмайды.
16 3-тарау HP Notebook 14 компьютерімен танысу