User Guide - Windows 7

Алдыңғы жағы
Бөлік Сипаттама
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын
немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын
есіктің астында немесе дисплейдің артында.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Техникалық сипаттама жапсырмасы төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
(4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде)
24 3-тарау HP Notebook 14 компьютерімен танысу