User Guide - Windows 7

4 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй және
әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті
желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол
жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде)—Компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен
байланысу үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте
бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология, Интернет және желіге қосылу туралы қосымша мәлімет алу үшін, «Анықтама және
қолдау» бөліміндегі ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз. Пуск (Бастау) > Справка и
поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі (осы
тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
HP Connection Manager бағдарламалық құралы
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір
үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың
барлығы зауытта қосылады және компьютеріңіздің сымсыз байланыс шамы болса, ол қосылғанда,
сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
26 4-тарау Желіге қосылу