User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection Manager
бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Connection Manager құралы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын, HP мобильді
байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың интерфейсін, сондай-ақ SMS
(
мәтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection Manager бағдарламасы
төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
●
Сымсыз ғаламдық желі (WWAN)/HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі;
●
Bluetooth
HP Connection Manager бағдарламалық құралы байланыс күйі, қуат күйі, SIM картасы мәліметтері және
SMS (мәтін) хабарлары жайында ақпарат және хабарландыру береді. Күй ақпараты мен
хабарландырулар тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager құралын ашу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және іздеу жолағына
connection (байланыс) деп жазыңыз. HP Connection Manager құралын таңдаңыз.
HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалану туралы толық ақпаратты HP Connection
Manager бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом
(Желі және ортақтасу орталығы) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармақтарын таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 27