User Guide - Windows 7

2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және
бағдарламалық құралдарға қатынау
Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен ғана
шектелмейсіз. Желідегі компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен мәліметтерді бірлесіп
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Фильмі немесе ойыны бар DVD дискі сияқты диск көшірмелеуден қорғалған болса, оны
ортақ пайдалану мүмкін емес.
Бір желіде бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Диск ортақ пайдаланылатын компьютерден Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын таңдаңыз.
2. Бөлісетін нәрсені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства (Сипаттар) параметрін
таңдаңыз.
3. Sharing (Бөлісу) қойындысын ашып, Advanced Sharing (Қосымша бөлісу) параметрін таңдаңыз.
4. Share this folder (Қалтаны ортақ пайдалану) ұяшығына құсбелгі қойыңыз.
5. Имя общего ресурса (Ортақ ресурстың аты) мәтін ұясына атау енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) пәрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ дискіні көру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды
басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
30 4-тарау Желіге қосылу