User Guide - Windows 7

Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал
және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын немесе аудио бағдарламалық құралыңызды
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасының барлық мазмұнын көру үшін Категорияанаты) көрінісінің орнына
үлкен немесе кішкентай белгішесі көрінісін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-ақ
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Көптеген компьютерлерде
ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты
болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
Видео құрылғыларын VGA кабелі (тек таңдаулы өнімдерде) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет
болады.
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе
проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
32 5-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану