User Guide - Windows 7
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
тармақтарын таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу)
параметрін таңдаңыз.
HDMI аудио параметрлерін орнату (тек таңдаулы өнімдерде)
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Speaker (Үндеткіш)
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары)
параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойындысындағы Digital Output Device (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы
(HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
34 5-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану