User Guide - Windows 7
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату
құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойындысында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Intel сымсыз дисплейін және сымсыз музыка технологиясын пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде)
Intel® сымсыз дисплейі және сымсыз музыка технологиясы компьютердегі мазмұнды
ажыратымдылығы жоғары теледидар, монитор, проектор, ойын консолі, Blu-ray ойнатқышы немесе
бейнемагнитофон сияқты алу/көрсету құрылғысына сымсыз түрде жіберуге мүмкіндік береді. Сымсыз
адаптерді пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Intel сымсыз дисплейін ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel WiDi
тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз дисплей мүмкіндігін пайдалануды бастамай тұрып, сымсыз құрылғыңыз қосулы
екенін тексеріңіз.
Бейнені пайдалану 35