User Guide - Windows 7
6 Экранда шолу
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
●
Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
●
Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз
●
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады)
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын
пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады. Сенсорлы экранды шарлау үшін (тек таңдаулы
өнімдерде) осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей нұқыңыз.
Қимылдарды қалауыңыз бойынша реттеуге және олардың қалай әрекет ететінін көруге болады. Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық және дыбыс) >
Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) > Мышь (Тінтуір) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзге көрсетілмесе, қимылдарды сенсорлы тақтада немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалануға болады.
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
●
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта немесе
сенсорлы экран аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
36 6-тарау Экранда шолу