User Guide - Windows 7
7 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне
жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар.
●
Ұйқылық – ұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін
автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады және ұйқылық күйден шығу жылдам іске
асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін
қолмен бастау және шығу (38-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Күту күйі – күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады. Күту күйі
қосылғанда, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады және компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: Күту күйін қолмен қосуға болады. Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу (38-бет)
және Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) (39-бет) бөлімдерінен
қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез келген
түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлық тақтаны түртіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
38 7-тарау Қуат басқару