User Guide - Windows 7
●
Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Заряд төмен немесе өте төмен деңгейге жеткенде, батарея белгішесі
хабар береді.
Қуат жоспарын таңдау
Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге және
компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі.
Мына қуат жоспарлары бар:
●
НР компаниясы ұсынатын. Өнімділікті арттыру мен қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін автоматты
түрде теңестіреді.
●
Қуат үнемдегіші. Жүйе өнімділігі мен экран жарықтығын азайту арқылы қуатты үнемдейді.
●
Өнімділігі жоғары. Өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ энергияны жоғары мөлшерде пайдалануы
мүмкін.
Өзіңіздің қуат жоспарыңызды жасап, қажеттілігіңізге сай компьютерді пайдалану үшін оны өзгертуге
болады.
Қуат жоспарын таңдау немесе өзіңіздің жоспарыңызды жасау үшін HP Power Manager (тек таңдаулы
өнімдерде) немесе Windows жүйесінің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
HP Power Manager бағдарламасын бастау үшін Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Жабдық және дыбыс) > HP Power Manager (HP қуат реттегіші) тармағын
таңдаңыз.
Басқару тақтасындағы қуат параметрлеріне кіру үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) > Параметры питания (Қуат параметрлері)
тармақтарын нұқып, тізімнен қуат жоспарын таңдаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірулі кезде және сыртқы қуат көзінен
ажыратылған жағдайда компьютердің ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды. Заряд төмен
немесе өте төмен деңгейге жеткенде, компьютердегі батарея белгішесі хабар береді.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
40 7-тарау Қуат басқару