User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы ауыстырылатын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу
үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін, компьютерге сәйкес қадамдар
мен суретті қараңыз:
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз.
– немесе –
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 41