User Guide - Windows 7

Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютерде жалғыз қуат көзі болып тұрған батареяның заряды аз немесе өте төмен деңгейге
жеткенде, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі «заряд төмен» немесе «заряд өте
төмен» ескертуін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін қолдану (39-бет)
бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды:
Күту күйі қосылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер
күту күйін іске қосады.
Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер
қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса,
қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 43