User Guide - Windows 7

Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе
теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз. Нұсқаулықты ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) > HP Support Assistant > Далееелесі) > Мой
компьютеромпьютерім) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармақтарын
таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға жеткенде, HP
Support Assistant бағдарламасында батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін
ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың
ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат
беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
Сыртқы айнымалы ток қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары
постерінен қараңыз.
Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы
сырттағы айнымалы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы өнімдерде).
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуат көзіне жалғанған кезде:
Батарея зарядтала бастайды.
Экран жарықтығы жоғарылайды.
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Компьютер батарея қуатына көшеді.
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
44 7-тарау Қуат басқару