User Guide - Windows 7

Қуат мәселелерін шешу
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және қуат сымына жалғап, қуат сымын айнымалы ток
көзіне қосыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және
айнымалы қуат сымы мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows өшіру
пәрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы немесе
күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работыұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, содан кейін экранға шыққан Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін басыңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау 45