User Guide - Windows 7

8 Техникалық қызмет көрсету
Компьютерді Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) және Очистка диска (Дискіні
тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде
техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар
мен драйверлерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары және компьютермен
сапар шегу
(компьютерді тасымалдау) бойынша кеңестер қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Жүйелі түрде қызмет көрсету тапсырмаларын Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау)
және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдар көмегімен орындау арқылы компьютердің
жұмысын өзгертуге болады.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты
жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі дискінің құрамында қозғалатын бөлшектер болмағандықтан, оны HP 3D
DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB портына
қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және (немесе) қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы өнімдерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін түсті
өзгертеді. Дискінің қорғалғанын немесе күту күйіне қойылғанын анықтау үшін Windows жұмыс
үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы
белгішені қараңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск
файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) құралы қатты
дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта
орналастырады).
Компьютер жұмысын жақсарту 47