User Guide - Windows 7
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте
маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші
тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді
вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға
көмектесе алады
.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде
болмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану
●
Қосылғанда сұралатын құпиясөз
●
Саусақ ізін оқу құрылғысы
Компьютерлік вирустар Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
Деректерге рұқсатсыз кіру Қалқан бағдарламалық құралы
Setup Utility (BIOS) параметрлеріне және жүйені анықтаудың
басқа ақпаратына рұқсатсыз кіру
Әкімші құпиясөзі
Компьютерге төнетін бар немесе келешек қауіптер Бағдарламалық құрал жаңартулары
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпиясөзі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы
Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) (тек таңдаулы өнімдерде) қауіпсіздік бағдарламалық
құралдарының жинағына жылдам кіруге арналған орталық орнын қамтамасыз етеді, бұл
қолданбалар тапсырмаға сәйкес ұйымдастырылады. «Пуск» (Бастау) мәзірінің «Панель управления»
(Басқару тақтасы) пәрмені арқылы әр қолданбаны іздеудің орнына HP Security Assistant (НР қауіпсіздік
реттеушісі) бағдарламасы төмендегідей қауіпсіздік тапсырмаларын орындау үшін қолданбаларды
пайдалануға мүмкіндік береді:
●
Интернет және вирусқа қарсы қауіпсіздігінің параметрлерін орнату.
●
Файлдардың сақтық көшірмелерін жасау және қалпына келтіру.
●
Құпия сөздер, пайдаланушы есептік жазбалары мен ата-аналық бақылау элементтерін басқару.
●
Компьютерге күтім көрсету және НР мен Windows жаңартуларының ең соңғы нұсқаларын орнату.
●
Саусақ ізін оқу құрылғысының параметрлерін орнату (тек таңдаулы өнімдерде).
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита (Қауіпсіздік және қорғау) > HP Security
Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) тармағын таңдаңыз.
Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу 51