User Guide - Windows 7

Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау және қауіпсіз түрде онлайн әрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы, компьютерді
бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility (BIOS) утилитасында
орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді пайдалануға
болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін әр құпия сөзді жазып алып, компьютерден
басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпиясөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн.
Әріптер, тыныс белгілері, таңбалар және сандары бар ұзын құпиясөз мінсіз болып табылады.
Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды және құпиясөз
параметрлерін жойыңыз.
Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Пускастау)
> Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату
Құпиясөз Қызмет
Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу
қажет.
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін Windows жүйесіне орнатылған
әкімші құпиясөзімен алмастыруға болмайды немесе ол
орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде
көрсетіледі.
52 9-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау