User Guide - Windows 7
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып
, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
(48-бет) бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуларды автоматты түрде орнатуды таңдауға болады. Параметрлерді өзгерту үшін Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) >
Обновление Windows (Windows жаңарту) > Изменить настройки (Параметрлерді өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP компаниясының және үшінші тарап бағдарламалық құралдарының
жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді
үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу
қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге жаңартуларды
ұсынады.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде)
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа
54 9-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау