User Guide - Windows 7

10 Setup Utility (BIOS) утилитасын
пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының
(мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты
басқарады
. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің
жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Setup Utility (BIOS) утилитасын басу
Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc
пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
BIOS нұсқасын жаңарту
Setup Utility (BIOS) жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында қол жетімді болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Setup Utility (BIOS) жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын
анықтаңыз.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM күні және BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc пернелер тіркесімін
басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланып
көрсетуге болады.
Setup Utility (BIOS) пайдалану:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) тармағын таңдаңыз және ағымдағы BIOS нұсқасы
туралы жазбаны жасаңыз.
3. Setup Utility (BIOS) утилитасынан параметрлерді өзгертпестен шығу үшін, көрсеткі пернелерінің
көмегімен Exit (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді қабылдамай шығу) тармағын
таңдап, enter пернесін басыңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (57-бет) бөлімін қараңыз.
56 10-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану