User Guide - Windows 7
●
Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме
жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
1. Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп теріңіз. Тізімнің
ішінен
НР Recovery Manager тармағын таңдаңыз. Сұралған жағдайда, әрекетті жалғастырыңыз.
2. HP Recovery Media Creation (HP қалпына келтіру дискісін жасау) тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап әрекетті жалғастырыңыз.
Қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына келтіру (64-бет)
бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
Жүйені қалпына келтіру нүктесі — Windows System Restore утилитасымен белгілі бір сәтте сақталған
қатты диск мазмұнының суреті. Жүйені қалпына келтіру нүктесі Windows жүйесі пайдаланатын тіркеу
параметрлері сияқты ақпаратты қамтиды. Алдыңғы қалпына келтіру нүктесіне қайтару қалпына
келтіру нүктесі жасалғаннан кейінгі жүйеге жасалған өзгертулерді қайтаруға мүмкіндік береді.
Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет
жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта хабарларына
әсер етпейді, бірақ орнатылған бағдарламалық құралға әсер етеді.
Мысалы, сандық фотокамерадан суретті жүктеп, компьютерді кешегі болған күйге қайтарғанда, сурет
компьютерде қалады.
Дегенмен, суретті көруге арналған бағдарламалық құралды орнатып, содан кейін компьютерді кешегі
күйге қайтарсаңыз, бағдарламалық құрал жойылып, оны пайдалану мүмкін болмайды.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді өзгертсеңіз, қалпына
келтірудің күшін жоюға болады.
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін келесі жағдайларда жасау керек:
◦
бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын;
◦
мерзімді түрде, компьютер қалыпты жұмыс істеп тұрғанда.
●
Сондай-ақ, System Restore қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері өзгертілген
файлдардың екінші нұсқасын сақтайды. Қалпына келтіру үшін екінші нұсқаны пайдалану туралы
қосымша ақпаратты «Анықтама және қолдау» тармағын таңдаңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. Создать (Жасау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сақтық көшірмелер жасау 61