User Guide - Windows 7

Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару (63-бет)
бөлімін қараңыз.
Жүйенің және жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау
Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар сақталады
және оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда болғанда сақтау
керек болады. Файлдардың қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі сақтық көшірме
соңғы рет қашан жасалғанына байланысты болады. Жаңа бағдарламалық құралдар және деректер
файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасап тұру керек.
Сақтық көшірмені сәтті жасауға арналған кеңестер
Дискілерді компьютердің оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмас бұрын нөмірлеңіз.
Жеке файлдарды Документы (Құжаттар), Music (Музыка), Pictures (Суреттер) және Videos
(Бейнелер) қалталарында сақтаңыз да, бұл қалталардың сақтық көшірмелерін жүйелі түрде
жасап отырыңыз.
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мәзір жолында
параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру
қажет болған кезде, экран суреті уақытыңызды үнемдеуі мүмкін.
Экран суретін жасау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
1. Сақталатын экранды ашыңыз.
2. Экран суретін көшіріңіз:
Тек белсенді терезені көшіріп алу үшін, alt+prt sc пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранды толық көшіру үшін, prt sc пернесін басыңыз.
3. Мәтіндерді өңдеу құжатын ашып, Правка (Өңдеу) > Вставить (Қою) пәрменін таңдаңыз. Экран
суреті құжатқа қосылады.
4. Құжатты сақтап, басып шығарыңыз.
Мынаны білгеніңіз жөн
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискіге, флэш-жадына немесе желілік
дискіге не дискілерге жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
Сақтық көшірме жасау процесін аяқтауға қажет уақыт беріңіз. Файлдардың өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттан аса уақыт кетуі мүмкін.
Сақтық көшірме жасауды бастамай тұрып, көшірме жасалатын құрылғыдағы бос орын көлемін
тексеріңіз.
Сақтық көшірмелерді келесі жағдайларда жасау керек:
бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын;
компьютерді жөндеу немесе қалпына келтірудің алдында;
жеке ақпараттың соңғы көшірмесі болуы үшін, жоспар бойынша жүйелі түрде;
көп файлдар қосқаннан кейін, мысалы туылған күн кешіндегі бейнелерді сақтаған болсаңыз;
зиянды бағдарламаны жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланудың
алдында;
62 12-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру