User Guide - Windows 7
◦
суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты қалпына
келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін;
Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық
көшірме жасау
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық
көшірме жасауға мүмкіндік береді. Жеке қалталардан дискілерге дейін сақтық көшірме жасау деңгейін
таңдауға болады. Орынды үнемдеу мақсатында сақтық көшірмелер қысылады. Сақтық көшірмелер
жасау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау және жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама және қолдау» бөлімінен қараңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
мүмкіндігінің көмегімен арнайы файлдарды қалпына келтіру (64-бет) бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару
Кейде, бағдарламалық құрал орнатылғанда компьютер немесе Windows жүйесі өзгеше жұмыс істеуі
мүмкін. Әдетте бұл мәселені бағдарламаны жою арқылы шешуге болады. Егер бағдарламаны жою
мәселені шешпесе, компьютерді алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне (ертерек уақытта және
күнде жасалған) қайтаруға болады.
Компьютер оңтайлы жұмыс істеп тұрғандағы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. System Restore (Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Арнайы файлдарын қалпына келтіру
Егер файлдар байқаусызда жойылған және оларды «Recycle Bin» (қоқыс кәрзеңкесі) ішінен қалпына
келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына келтіру
функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын бастапқы
жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таңдалған болса пайдалы болады. Бұрын
сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 63