User Guide - Windows 7
Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен арнайы
файлдарды қалпына келтіру
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық
көшірмесі жасалған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмені қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама және қолдау» бөлімінен қараңыз.
HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден
қайта орнату қажет.
●
Жүйені қалпына келтіруді компьютер мәселелерін шешудің ең соңғы әрекеті ретінде
пайдаланған жөн. Егер қалпына келтіру нүктелерін (Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне
қайтару (63-бет) бөлімін қараңыз) және жартылай қалпына келтіру (Арнайы файлдарын қалпына
келтіру (63-бет) бөлімін қараңыз) мүмкіндіктерін қолданып көрмесеңіз, жүйені қалпына келтіру
үшін, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын оларды сынап көріңіз.
●
Егер компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алса немесе компьютердің жұмыс істеу
мәселелерін шешу әрекеттері сәтті болмаса, жүйені қалпына келтіруді орындау қажет.
●
Қалпына келтіру дискілері жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру дискілерін HP веб-
торабынан алуға болады.
●
Minimized Image Recovery опциясын тек тәжірибелі пайдаланушыларға қолдану ұсынылады.
Барлық аппараттық құралдарға қатысты драйверлер және бағдарламалық құралдар қайта
орнатылады, алайда бағдарламалық құралдар қалпына келтірілмейді. Процесті аяқталғанға
дейін тоқтатпаңыз, әйтпесе қалпына келтіру жүзеге аспайды.
HP Recovery бөлімінің көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы өнімдерде)
HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына
келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына
келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер
тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, содан кейін > Управление (Басқару) > Управление
дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына
келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
64 12-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру